Собчак Таиландта өткен Сабуровтың концертіне қатысты

Сурет: Instagram/xenia_sobchak
25 ақпанда ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак Пхукет қаласында болып, әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концертіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің "Кровавая барыня" атты Telegram-арнасында жазды. Айтуынша, шоу барысында бейнежазба түсіруге тыйым салынған.

Собчактың сөзінше, Сабуров сахнада оны әзілге қосып, жылы лебізбен атап өткен.

"Қорғағаны үшін Собчакқа респект, бірақ шынымды айтсам, қажет емес. Әйтпесе 500 жылға кіруге тыйым салып тастайды, концерттерді Сатурнның бесінші сақинасында өткізуге тура келеді", – деген әзілкеш.

Сондай-ақ, Ксения Анатольевна келесідей мәлімдеме де жасады.

"Кез келген адамға қатысты әділетсіздік те, сол адамның маған деген көзқарасы да менің ол туралы пікіріме әсер етпейді", – деп жазды.

Концерт қонағының айтуынша, Сабуров сахнада әуежайда ұсталған сәтін де әңгімелеген.

"Айтуынша, әрбір екінші полицей онымен суретке түсуге келген. Не дейсің, мойымай жүргені қуантады", – деп қорытындылады Собчак.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың туған күнінде Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше сый жасап, жүкті екенін хабарлағанын жазғанбыз.

Ресей
Қазақстан
Сабыров Нұрлан
Собчак Ксения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін