96 жастағы Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге бейнеүндеу жолдады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның опера әншісі, 96 жастағы Бибігүл Төлегенова қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге туған күніне орай бейнеүндеу арқылы құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы түсірілген бейнеролик Светлана Айтбаеваның Instagram парақшасында жарияланды.

Айтбаева Кеңес Одағының халық әртісіне шын жүректен айтқан ақ тілектері үшін алғыс білдірді.

"Аппақ тілегіңізге көп-көп рахмет! Батаңыз дарып, Диконтайымыз ғұмырлы болсын! Сізге зор денсаулық тілейміз! Сіздің ғасырлық тойыңызды бүкіл ел болып тойлайық! Өнер әлемінің Анасы, аман болыңыз!",- деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 2026 жылғы 24 мамырда 32 жасқа толды.

Сондай-ақ оның туған күніне орай Қытайдағы жанкүйерлері (Dears тобы) Димаштың гуманитарлық қызметін қолдау үшін Халықаралық көші-қон ұйымы қорына (МОМ) 2000 доллардан астам қаражат аударғаны хабарланды.

Айта кетейік, 2017 жылы Димаш халықаралық Singer байқауына қатысқан кезде Бибігүл Төлегенова алғашқылардың бірі болып оған ашық қолдау көрсетті. Бұдан кейін де оның шығармашылық жолына батасын беріп, жылы лебіздерін білдіріп келеді.

Қазақстан
Құдайберген Димаш
Төлегенова Бибигүл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды