Әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келді

Сурет: Instagram/ricky_martin
Әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келіп жетті. Оның концерті LIVE шоуы аясында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші жанкүйерлеріне Алматыға келіп алғанын Instagram Stories-те жариялаған суреті арқылы құлағдар етті.

"Қазақстан, біз осындамыз!" деп жазды ұшақта түсірілген сурет астына Рики Мартин.

Сурет: Instagram/ricky_martin

Ертең, 18 шілдеде латын америкалық поп-жұлдыз Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы "Спартак" стадионында өнер көрсетеді. Бұған дейін желіде концертті өткізу орыны Республика сарайына ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болған, бірақ ұйымдастырушылар бұл қауесеттерді ресми түрде жоққа шығарды: шоу стадионда өтеді, орналасқан жерінде ешқандай өзгеріс жоқ.

Музыкалық кештің арнайы қонағы өзінің әлемдік деңгейдегі хиттерімен танымал, австралиялық әнші Натали Имбрулья болмақ.

Рики Мартин қазіргі заманның ең ықпалды әншілерінің бірі болып саналады. Ол өзінің ұзақ мерзімді мансабы барысында көптеген беделді музыкалық марапаттарға ие болып, миллиондаған альбомдарын сатып үлгерген әрі бүкіл әлемде Латын Америкасы музыкасын танымал етуде шешуші рөл атқарды.

Бұған дейін продюссер Баян Алагөзова Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлағаны хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты