Баян Алагөзова Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

Пәтер кілті, Алматы, Баян Алагөзова, Халық әртісі, Меруерт Өтекешова , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 20:49 Сурет: freepik
Продюсер Баян Мақсатқызы Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады. Одан бөлек екі адамға арналған Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама тарту етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты сәттің видеосын продюссер Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Баян Алагөзованың айтуынша, ол бұл сыйлықты осыдан 2,5 ай бұрын уәде еткен әрі оны Халық әртісінің талғамына сай етіп әзірлеп, барлық қажетті жиһаз бен тұрмыстық техниканы сатып алған.

"Біз сіздің бірден келіп, тұра беретіндей үй дайындауға тырыстық. Дизайнын өзім ойластырдым. Барлығы жайлы әрі тыныш атмосферада болғанын қаладым. Өзіңіз жақсы көретін хрусталь шамдарды арнайы таңдадық, сүйікті суретшім Ботагөз Ақанаеваның картинасын алдырдым. Бұл пәтерді екі ай бойы дайындадық”, - дейді продюсер.

Пәтерді аралап шыққан Меруерт Өтекешова мұндай сыйлық күтпегенін айтып, өз толғанысын жасыра алмады:

"Не деймін енді. Жылағым келіп тұр. Бәрі өте әдемі, жайлы екен”.

Үйді аралап болғаннан кейін Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға екі адамға арналған Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама сыйлайтынын айтты. Өз кезегінде Халық әртісі Түркияға алғаш рет барғалы тұрғанын сыбырлай ұяла жеткізді.

"Шын ба" деп Өтекешованы құшақтай алған Алагөзова: "Сіз бұған әбден лайықсыз. Сіз – Халық әртісісіз, сондықтан өмірдің бар жақсысын көруге тиіссіз”, – деді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: