Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден озды

Торғын Тасыбекова, дүниеден озды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 21:10 Сурет: Instagram/auezovtheatre
Қазақ КСР-нің халық әртісі, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова 85 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры бөлісті.

"Бойындағы нәзік лиризм, шынайы сахналық ойын, әуезді дауыс, әншілік әсем үн кескіндеген бейнелерін бірден ерекшелендіретін актриса - Қара шаңырақ театр сахнасында жүзден аса роль, сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдаған. Көп жылдар бойы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актер шеберлігі мамандығынан дәріс беріп, шәкірттер даярлаған. Өнерге арнаған жарты ғасырдан астан ғұмырында актрисаның Қазақ театр және кино өнерінде қалдырған ізі бөлек. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы және жақындарына көңіл айтады", делінген жазбада.

Торғын Тасыбекова 1938 жылы 15 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін тәмамдаған. 1961 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. Содан бүгінгі күнге дейін ол осы қара шаңырақта қызмет етіп келді.

Актриса ойнаған рөлдері қатарында Жансұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, "Беу, қыздар-ай"), Айбала (Ә.Тәжібаев, "Той боларда"), Баян (Ғ. Мүсірепов, "Қозы Көрпеш – Баян сұлу"), Әйгерім (Б.Римова, "Абай– Әйгерім"), Ақбала (Әуезов, "Қарагөз"), Әлиман, Бекей (Ш. Айтматов, "Ана – Жер-ана" мен "Ақ кеме"), Луфти (С.Ахмад, "Келіндер көтерілісі"), Лаура (А.С. Пушкин, "Шағын трагедиялары"), Корина (Ф.Эрве, "Түлкі бикеш"), Марселла (Лопе де Вега, "Қызғаныштан махаббат"), Бьянка (У. Шекспир, "Асауға тұсау"), т.б. бар. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: