Қазақстан әншісі халықаралық этникалық ән байқауында күміс жүлдеге ие болды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан әншісі Жасмина Тілеумбетова Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Echo of Nomads халықаралық этникалық ән байқауында екінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға әлемнің 20 елінен өнерпаздар қатысты. Ең жас қатысушылардың бірі болған Жасмина дәстүрлі және этникалық музыка саласындағы тәжірибелі орындаушылармен қатар өнер көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды.

"Жас әнші халықаралық сахнада Е.Тілепбердиевтің сөзіне, Б.Тәжіновтың музыкасына жазылған "Ұлы дала иесі" әнін орындады. Ұлы даланы, ұлттық мәдениет пен рухани мұраны арқау еткен туындыға халықаралық қазылар алқасы жоғары баға берді", делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жасминаның Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің "Эстрадалық вокал" мамандығында білім алып жатқан 3-курс студенті екені де нақтыланады.

Echo of Nomads байқауы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтті. Биыл ойындарға 120 елдің өкілдері қатысып, соның ішінде 62 мемлекет мәдени іс-шараларда өнер көрсетті. Спорттық жарыстармен қатар, бағдарламада этномәдени жобалар, ғылыми алаңдар мен халықаралық шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.

Бұған дейін аталған дүбірлі жарыс аясында өткен "Этно-би" байқауында "Гүлдер" ансамблі Гран-при иеленгені хабарланған.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған