Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: "Гүлдер" ансамблі "Этно-би" байқауында Гран-при иеленді

Гүлдер, ансамбль, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Этно-би, байқау, Гран-при , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2026 11:55 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Гүлдер" ансамблі Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Nomad Fest фестивалі аясындағы халықаралық "Этно-би"байқауында Гран-при иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнер додасына Моңғолия, Түркия, Болгария, Тыва Республикасы, Саха Республикасы (Якутия), Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан және басқа да елдерден келген кәсіби ұжымдар қатысты.

"Гүлдер" TURAN ансамблінің музыкасына қойылған "Ер Тұран" және STEPPE SONSE тобының музыкасына жазылған "Қорқыт" атты екі хореографиялық қойылымды көпшілікке ұсынды.

Қазылар алқасы ансамбльдің орындау шеберлігімен қатар, балетмейстерлердің кәсіби дайындығын да бағалады.

Байқау қорытындысында шығармашылық еңбектің нәтижесі ретінде Анвара Садықова мен "Гүлдер" ансамблі Гран-при иеленді.Халықаралық байқау бағдарламасына Анвара Садықова, Алмат Шәмшиев, Ернұр Қарықбол және Дана Мұсаның хореографиялық қойылымдары енді.

Сонымен қатар фестиваль барысында ансамбль кеңейтілген хореографиялық бағдарламамен өнер көрсетіп, гала-концертте Морис Равельдің музыкасына қойылған "Замана жаңғырығы" этно-балетін орындады.

Бұған дейін танымал түрік актері өз үйінен өлі күйінде табылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: