Үндістандағы БРИКС фестивалінде "Қыз Жібек" спектаклі қойылды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты. Театр ұжымы қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытатын "Қыз Жібек" спектаклін сахналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық фестиваль театр ұжымы үшін қазақ сахна өнерін әлемдік деңгейде танытуға жәнк елдер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға мүмкіндік берді.

Фестивальдің ашылу салтанатына Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават қатысты. Ол шығармашылық ұжымдарға жылы лебізін білдіріп, халық арасындағы достықты нығайтудағы өнердің маңызына тоқталды және қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Қойылым режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан.

Бұған дейін Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тірегенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады