Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді
Сурет: Instagram/shakira
Колумбиялық әнші Шакира 18 қазанға қараған түні Қырғыз Республикасына келіп жетті. "Манас" әуежайында әртісті президент әкімшілігінің өкілдері мен концертті ұйымдастырушылар қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әншінің өзі әлеуметтік желіде қырғыз халқына жалынды сәлем жолдап үлгерді.
Бішкекке жеткен әнші Instagram-дағы желісінде сурет жариялап, оның сипаттамасына "Сәлем, Қырғызстан!" деп жазды.
Бүгін, 18 қазанда Шакира "Бишкек Арена" стадионында өнер көрсетеді. Концерт Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында өтеді. Бұл - әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті.
Бұған дейін есірткі контрабандасы бойынша күдікті ретінде Жамбыл облысында ресейлік танымал музыкант әрі рэпер Navai (шын аты-жөні – Наваи Бакиров) қамауға алынғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
