Шакира Алматыда емес Бішкекте концерт беретін болды

Шакира Алматыда емес Бішкекте концерт береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 14:06 Сурет: Instagram/shakira
Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира алғаш рет Бішкекте концерт береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің жанкүйерлері үшін күтпеген әрі қуанышты жаңалықты 2026 жылғы 6 қыркүйекте Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаев жариялады.

Шенеунік Шакираның музыкалық қойылымдарының бірінен видео жариялап, ел тұрғындарына:

"Шакира! Жақында Bishkek Arena-да! Күтесіздер ме?" – деген сұрақ қойды.

Әзірге концерттің нақты күні мен басқа да мәліметтері белгісіз. Дегенмен Қырғызстан тұрғындары билеттерді алдын ала брондауға дайындалып жатыр.

Желі қолданушылары жаңалыққа қуанып, пікірлерін білдірді:

"Қызыммен міндетті түрде барамын".

"Билетті қалай брондауға болады? Мүмкіндігім тілегіммен сәйкес келсе екен".

"Енді концерттерге бару үшін ғана жұмыс істейміз".

"Миллениалдардың нағыз арманы".

"Қайтадан Қырғызстанға көшетін уақыт келген сияқты".

"BTS тобын да күтеміз".

"Оның концертіне өзіміз бармаған едік, енді өзі бізге келе жатыр".

"Қырғызстандағы Шакира… Бізге не істеп жатырсыздар?"

"Концерттерге жететін ақша табуға үлгермей жатырмын".

"Өз көзіме сенер емеспін. Балалық арманым – Шакираны өз елімде көру – орындалатын болды".

"Бішкек Арена" – Қырғызстанның жаңа заманауи ұлттық футбол стадионы. Ол Бішкектің оңтүстік-батысындағы Орок ауданында орналасқан. Спорт кешені 51 мыңнан астам көрерменге арналған. Ол қазіргі таңда Орталық Азиядағы ең үлкен әрі сыйымдылығы ең жоғары арена.

Еске салайық, 2026 жылғы 31 тамызда стадионда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды шоуға шамамен 30 мың көрермен жиналды. Салтанатты шара мен мемлекеттер шеруіне әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысты.

Бұған дейін Шакираның Алматыда концерт беруі мүмкін деген ақпарат тараған еді. 2026 жылғы сәуірде әншінің халықаралық тур аясында Алматыға келуі мүмкін екені айтылған. Алайда ол кезде ресми келісім жасалмаған, концерттің нақты күні мен өтетін орны да белгіленбеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: