"Кешке, тікелей эфирде". Димаш Құдайберген ел күтпеген жаңалығымен бөлісетінін айтты

Сурет: instagram/KUDAIBERGENOV.DIMASH
Әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлері алдында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сесенбіде, 2026 жылы 20 қазанда Димаш алдын ала ескертпестен Tiktok-та алғаш рет тікелей эфирге шыққанын мойындады. Ол жанкүйерлерінің көпшілігі тікелей эфирге қосылуға үлгермей, көңілдері бұзылғанын да айтты.

Ал бүгін, 21 қазанда әнші бұл жағдайды түзетуге уәде берді.

"Бұл жаңалықты сіздерге айтатын сәтті көптен бері күтіп жүрмін. Енді құпияны ашатын уақыт келген сияқты! Бес сағаттан кейін TikTok-та тікелей эфирде кездесеміз", деп Димаш өз жанкүйерлерін елеңдетіп қойды.

Тікелей эфир Польша уақытымен - 19:00-де, Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Бұған дейін Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланғаны хабарланған.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді