Қызылордада жол апатынан 4 адам қаза тапты

Baq.kz
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Қызылорда қаласында жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 1 қазан күні Қызылорда қаласындағы Президент саябағы маңында орын алған. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ВАЗ» және «SNACMAN» автокөліктері соқтығысқан.

«Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру басталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болып, екеуі медициналық мекемеге жеткізілді. Бүгінгі күнге жеткізілген екі азаматтың біреуі медициналық мекемеде қайтыс болды», – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жол апаты бойынша тиісті сараптамалар тағайындалыпты. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды