Алматы облысында үйінің жертөлесінде есірткі өсірген тұрғын ұсталды

Naviny.by
Оның жылыжайынан 12 түп есірткі тәркіленді.

Арнайы іс-шара барысында Іле ауданында жергілікті тұрғынның өз үйінің жертөлесінде есірткі өсіргені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жертөледе өсімдікті баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру және т.б. құрылғылар орнатылған. Болжамдардың бірі бойынша тәркіленген өсімдік "үнді қарасорасы" болуы мүмкін.

"35 жастағы азамат үйінің жертөлесіне есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге барлық қолайлы жағдай жасаған. Оның жылыжайынан 12 түп есірткі тәркіленді. Өсімдіктер тиісті сараптамаға жіберілді",- деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің қандай мақсатта есірткі өсіргені анықталатын болады. Қазіргі уақытта күдікті азамат мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері полицейлер 400 килограмға жуық әртүрлі есірткі заттарын тәркілеген. Оның 30 килограмы гашиш, қалғаны героин, марихуана және басқа есірткі заттары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс