Алматы маңындағы қоқыс полигонынан тұтанған өртті 2 тік ұшақ, 53 көлік және 91 адам сөндіруде

Zakon.kz
Сөндіру жұмыстары ерте таңнан қайта басталды.

Алматы түбінде орналасқан қоқыс полигонындағы қалдықтардың бықсып жануы әлі тоқтар емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомство өрт сөндіру автоцистерналарының, су тасығыш және арнайы техникалардың қоқыс полигонындағы қалдықтардың жануын жою жұмыстарын 17 мамыр күні сағат 03:00 дейін жалғастырып, осы күні сағат 06:00 қайта басталғанын айтып, есеп берді.

- Дәл қазіргі уақытта бықсымаларды сумен өшіріп, өрт ошағының аумағын топырақпен көму жұмыстары жүріп жатыр. Сағат 07:00 су тасу құрылғылары бар екі тік ұшақ 30 рет су шашып, жалпы көлемі 90 шаршы метр су жеткізді. Сонымен қатар өрт шыққан орынды әуеден бақылап тұру үшін оқиға орнында Матрица-600 Квадрокоптері (дрон) пайдаланылуда. Оқиға салдарын жою жұмыстарына 2 тік ұшақ, 53 техника және 91 адам жұмылдырылды. Оның ішінде Алматы облысы ТЖД (17 қызметкер және 4 техника), Алматы қаласы ТЖД (18 маман және 5 техника), ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ (КА-32 тік ұшағы), Алматы қаласы ЖБО (4 жұмысшы мен 4 техника), Алматы қаласы Құтқару қызметі (МИ-8 тік ұшағы, 13 қызметкер және 10 техника), Алматы қаласы АМО (3 маман мен 1 техника), "KAZ Waste Conversion" ЖШС (36 жұмысшы және 29 техника). Жұмыс жалғасып жатыр, - деп хабарлап отыр ҚР ІІМ ТЖК.

Біз бұған дейін оқиға орнында не болып жатқанын көрсеткен болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды