Алматыда педофил 7 жасар қызды зорламақ болды

Інформатор
Баланы дәретханадағы көрші кабинкада болған әйел құтқарды.

Бұрын сотталған 32 жастағы педофил Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде 7 жасар қыз баланы зорламақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің осы оқиға туралы баяндаған хабарламасы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

– Маньяк дәретхана ішінде күтіп отырған. Қыз дәретханаға кіргенде анасы сыртта күткен. Ер адам кірген қызды ұстап алып, кабинкаға кіргізеді. Сол жерде қызға анайы видео көрсетеді. Көрші кабинкада болған әйел сол дыбысты естіп, күзет пен полиция шақырды. Әлгі адам қыз баланы зорламақ болған, – дейді хабарламаның авторы.

Жұма күні таңертең Алматының полиция департаменті бұл деректі растады.

– Кәмелетке толмаған қыз балаға қарсы қылмыс жасады деген күдікті ҚР ҚК 128 бабы бойынша қамауға алынды. Ол Ақтөбе облысының 32 жастағы тумасы. Бұрын да кәмелетке толмаған балаға зорлық жасағаны үшін сотталған. Қазір күдіктінің әрекеті ҚР ҚК бірден екі бабы: 121 бап, 4б және 124 бап, 1б бойынша қаралуда. Тергеу ісін Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы мен қала прокуратурасының бақылауында, – деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты