Шымкентте жарылыс нәтижесінде зардап шеккен адам жансақтау бөлімшесінде жатыр

okbhmao.ru
Оның денесінің қанша бөлігін күйік шалғаны әзірге белгісіз.

Шымкентте автоцистернаның жарылу салдарынан жапа шеккен май құюшы жансақтау бөлімшесінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы барған. Бір зардап шеккен адам аурухана төсегіне таңылды.

Ол қазіргі таңда жансақтау бөлімшесінде жатыр, жағдайы ауыр.

7 маусым күні таңертең Шымкентте жарылыс болды. Алдымен жер бетіне орнатылған цистерна өртенген, сосын қызыл жалын тағы үш автоцистернаға өтіп, олардың күлі көкке ұшқан. Сонымен қатар (V-50 шаршы метрді құрайтын МАН , әрқайсысының көлемі V-7 шаршы метр болатын 2 ЗиЛ а/м және V-50 шаршы метрді құрайтын тіркеме) тіркеме жарылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме