Шымкентте жарылыс болды
видео кадрларынан алынды
Алдын ала мәлімет бойынша, 1999 жылы туған бір азамат жапа шеккен. Ол бекет нысанының қызметкері.
Шымкентте жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарылыс бейнежазбасы мессенджерлерде таралуда.
Бұған дейін 7 маусым күні таңертең Шымкентте газ сақтау қоймасы отқа оранып, жарылыс қауіпінің бары айтылған болатын.
Жойқын жарылыстан соң өрт күшейе түскен.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11:03 өртке қарсы қызметінің пульт нөміріне Шымкенттегі Жібек жолы даңғылында орналасқан "Мураз" ЖШС газ құю бекетінің аумағында автоцистернаның өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
- Сағат 11:20 келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері жер бетіне орнатылған көлемі 200 шаршы метр болатын цистернаның отқа оранып, артынша тағы үш автоцистерна мен бір тіркеменің (V-50 шаршы метрді құрайтын МАН , әрқайсысының көлемі V-7 шаршы метр болатын 2 ЗиЛ а/м және V-50 шаршы метрді құрайтын тіркеме) жарылғанын анықтайды. Қызыл жалын сағат 12:21 ауыздықталып, сағат 12:53 толықтай сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД 21 техникасы мен жеке құрамның 90 өрт сөндуші маманы жұмылдырылды, - деді ТЖК.
Бір адамның жапа шеккені жайлы ақпарат бар. Ол - 1999 жылы туған май құюшы. Оны дене күйігімен ауруханаға жатқызған.
Куәгерлер Желіде оқиға орынында түсірілген бейнежазбалармен бөлісуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript