Алматыда ер адам гранатаның жарылуынан зардап шекті
Википедия
Алдын ала мәлімет бойынша, ол оны үйіне алып кірген, сосын ол қолында жарылып кеткен.
Алматы тұрғыны граната тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол оны үйіне алып кірген, сосын ол қолында жарылып кеткен. Қалалық Денсаулық сақтау департаменті жапа шеккен адамның жағдайы туралы айтып берді.
– Ер адам бүгін тағы 7-де жабық бас-ми жарақаты, оң қолының еті мен сүйегінің жарақаты, бас, мойын, кеуде тұсының 2-3 дәрежелі күйігі, тыныс алу жолдарының күйігі диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Клиникалық-зертханалық тексеруден кейін реанимация бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы тұрақты түрде ауыр, – деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті күйік шалуға әкеп соқтырған заттың әзірге нақты не екенін айталмайтындықтарын жеткізді.
- Алматының Жетісу ауданында белгісіз затты пайдалану кезінде ұқыпсыздық танытқан 1985 жылғы И. есімді азаматтың денесін күйік шалған. Қазір ол қаладағы медициналық мекемелердің бірінде ем қабылдап жатыр, - деді полиция өкілдері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript