Арыста жараланған 10 әскеридің екеуінің жағдайы ауыр

bugin.kz
Министр оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Арыс қаласында 21 қыркүйекте болған жарылыс кезінде жараланған 10 әскеридің үшеуі ауыр халде жатыр. Қалғандарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы бүгін тілшілерге берген сұхбатында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Министр оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Бұдан бөлек, министр "әскери бөлімнің сыртында оқдәрілердің сынығы табылуы мүмкін екенін, алайда олардан арыстықтарға келетін қауіптің жоғын" айтты.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Жергілікті тұрғындарға, Арыс қаласына ешқандай қауіп жоқ. Өйткені әскери бөлімнің сыртындағы барлық оқ-дәрілердің фрагменттері жиналды. Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы полигонда олар жойылып жатыр. Оқ-дәрінің фрагменттері әскери бөлімнің сыртында жоқ. Анда-санда бірлі-жарым жарылмайтын оқ-дәрі табылуы мүмкін. Бірақ әскери бөлімнің ішінде оқ-дәрілердің фрагменттені көп. Нақты санын айта алмаймын. Бүгінгі күнге дейін сырттағы қауіпсіздікті қамтамасыз еткен әскерилер қоймаға енді кірісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті