"Ешкімді аямаймыз!". Апат үшін біраз шенді қызметінен айырылғалы тұр

inbusiness.kz
Ешкім ешкімнің артын жауып, бүркемелемейді.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр үкімет дәлізінде Алматыдағы ұшақ апатына жауаптылардың барлығы жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мен Тоты Әмірованың желідегі жазбасына қатысты пікір білдіргім келмейді, білесіздер ғой, ол белгілі бір себептермен кезінде жұмыстан шығып қалған. Алайда, бас мемлекеттік инспектор ретінде кезінде Fokker-100 ұшақтарына қажетті барлық сертификаттарды берген - сол кісі. Ол кезде бұл заңсыз болды деп айтқым келмейді. Бірақ Азаматтық авиация комитетінде жұмыс істеген мемлекеттік инспекторлар әуекомпанияның қызметін тоқтатқан кезі болған, - деді ол.

Ол компания ребрендингтен өткен соң, сол құрамы және сол ұшақтарымен жұмыс істеу үшін БИН-нін ғана өзгертіп, қайта ұшуға сертификат алуға тырысқан жағдайлар болғанын айтты.

- Сосын, министрлік басшысы ретінде біз бұл процедураларды орта жолдан тоқтатқанбыз, өйткені бұл таза фикция еді. Сондықтан, осы жағдайға қандай да бір қатысты бар барлық адам жауапқа тартылады. Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, мәселен, егер олардың қатысы бары анықталып жатса, әрине. Ешкім ешкімнің артын жауып, бүркемелемейді, тергеу нәтижесінде алынған барлық мәліметтер ашық түрде жарияланады, - деп сөзін қорытындылады Роман Скляр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді