Шымкентте тергеу изольторына қамалған бұрынғы кеден бастығы психикалық дертке шалдыққан

Ол психикасының бұзылуына байланысты заңды жазасын өтеуге қабілетсіз деп танылды.

Сарыағаш кеден бекетінің бұрынғы басшысы мамандандырылған медициналық мекемеде ем алып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Отырарға сілтеме жасап.

"18 әріптесімен бірге жүйелі түрде пара алды деген күдікпен қамауға алынғаннан кейін оның денсаулығы бірден сыр беріп, психикалық күйі нашарлап кетті. Қазір ол түрмеге отырудың орнына мамандандырылған медициналық мекемеде ем алып жатыр".

Бұл туралы мамандандырылған сотта болған баспасөз мәслихатында айтылды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында елеулі қылмыстық істер туралы тарқатылып айтылды. Мысалы, 2019 жылы үш айыпталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды. Оның үстіне, олардың біреуінің психикалық денсаулығы тергеу изоляторында күрт нашарлаған.

Бұл - Сарыағаш кеден бекеті бастығының экс-орынбасары. Сот-психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша ол психикасының бұзылуына байланысты заңды жазасын өтеуге қабілетсіз деп танылды. Сот оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге, бұл адамның тергеу орган қызметкерлері ұсталғаннан кейін психикасы бұзылған.

Айта кетсек, 2019 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған сотында 99 адамға қатысты 45 сот шешімі қабылданды. Олардың 47-сі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды; 24 - ауыр қылмыс жасағаны үшін, 1 - орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін. Жазасын темір тордың ар жағында өтейтіндердің арасында үш әйел де бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: