Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ 1,7 млрд теңгенің салығын жасырған

jurimetria.org
Сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ бірқатар заңды тұлғалардың жеткізбеген тауары мен көрсетілмеген қызметтеріне жалған есепшоттар жасап беріп отырған, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды ​​облысы экономикалық тергеулер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыскерлер ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері жүргізген "STOP ОБНАЛ" жедел-алдын алу шаралары барысында анықталды.

"TerraStyleKAZ" мен"АзимутИнвест" компанияларына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Ұйымдасқан тобы бар екі субъект қызметінің жалпы ақша айналымы 5,7 млрд теңгені құрайды. Мемлекетке салық төлеуден жалтару бойынша келтірілген залал 1,7 млрд теңгеге бағаланады.

Мұндай қылмыс жасағандарға мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды