Оралда 9-сынып оқушысын достары зорлаған

gdb.rferl.org
Мектептерде шұғыл ата-аналар жиналысы өткізілгелі жатыр.

Оралда 8-наурызда тоғызыншы сынып оқушысын достары зорлады. Сол күні мерекені достарымен бірге үйінде атап өтуіне қызына рұқсат берген ата-ана басқа жаққа кетіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ешкімді жоқты пайдаланған бірнеше жігіт қызды зорлаған. Бұл туралы УН басылымына аноним дереккөз хабарлаған. Зорлау фактісін қалалық білім бөлімінің басылымында да жанама түрде расталды, нақты мәліметті олар ертең ғана бере алатындарын жеткізген.

- Мәселе жасөспірімге қатысты болғандықтан біз Бас прокуратураның келісімінсіз ешқандай мәлімет бере алмаймыз. Барлық мәлімет, ертең 12 наурызда белгілі болады, - деді полициядағылар.

Ал білім бөліміндегілер осы оқиғадан кейін Орал мектептерінде өткізілетін іс-шаралар туралы хабарлады.

"Қаланың барлық мектептерінде біз 3 сәуірге дейін барлық параллель сыныптарда ата-аналар жиналысын өткіземіз. Біз бұл жағдайды нақты қозғамаймыз, бірақ ата-аналарға олардың балаларының қауіпсіздігіне қатысты түсіндіреміз. Мысалы, оларға балаларға осындай іс-шараларға рұқсат берудің қажеті жоқ, артық ақша қолдарына ұстатпау туралы түсіндіретін боламыз. Жиынға мектеп инспекторлары, медиктер мен психологтар қатысады", - деді тәрбие бөлімінің бас маманы Жазира Рысқалиева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі