Қоғам белсендісінің өлімі: айыпталушының бірі аштық жариялап, аузын тігіп тастады

видеодан алынды
Полиция бұл фактіге байланысты тексеру жұмыстарын бастады. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қарағанды ​​облысында қоғам белсендісі Қал Бақтыбаевты өлтірді деп айыпталушы аузын тігіп, тамырларын кесіп тастады. Полиция бұл жайтқа байланысты тексеруді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейібір БАҚ қоғам белсендісінің өліміне қатысты тергеуге алынып жатқандардың бірі - Иман Мияшовтың тағылған айыппен келіспей, өз наразылығын аштық жариялау арқылы білдіргенін хабарлады. Сонымен қатар, ол тамырларын кесіп, аузын тігіп тастады.

Полиция тексеру жұмыстарын бастады.

Қарағанды ​​облысындағы ҚАЖД-ға қарасты №АК 159/1 мекемесінде И.Мияшовтың өз-өзін зақымдау фактісін биыл 30 мамырында және 4 маусымда полиция тіркеді. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдында Қал Бақтыбайдың өліміне қатысты Мияшов және басқаларға тағылған айып бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілгені хабарланған.

Иман Мияшов - қоғам белсендісін өлтіру ісіндегі төрт айыпталушының бірі. 2019 жылдың 28 мамырында Қал Бақтыбай өз үйінің ауласында өлі табылды, оның басына оқ тиген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр