Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыз терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
21 маусымда сағат 19: 22-де өз-өзіне қол салу дерегі бойынша келіп түскен қоңыраудан соң жеті адамнан және екі техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар бөлімі Инфинити тұрғын үй кешеніндегі, яғни Қабанбай батыр даңғылы, 40 үйге аттанды. 8-қабаттың терезесіне бір бойжеткен шығып алып, төменге секіретінін айтқан. Үйге жақындай қойылған көліктер өрт сөндірушілер баспалдағын орналастыруға кедергі келтіргендіктен, құтқару жастықшасы тартылды. Тағы бір құтқарушы қыз тұрған көрші үйдің терезесі арқылы қызға көмектеспек болды. Бірақ бойжеткен ешкімді тыңдамады, жан-жақтан көмекке адамдар келе бастағанда қыз секіріп кетті.
Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің дер кезінде құтқару жастықшасын тартып үлгергендіктен қыз соған келіп құлап, қайта кері серпіліп жертөленің темір кернезіне түсті.
1986 жылғы қыз дереу жедел жәрдем көлігі алып кетті.
Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі бұл қыз туралы хабар келгенге дейін бір жігіттің жоғарғы қабаттан құлап (немесе секірген), оны жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізгенін хабарлады.
Қазір екеуі де №2 қалалық көпсалалы ауруханада жатыр. Ер адамның жағдайы ауыр, ал қыз жалпы медициналық тексеруден өтіп жатыр.
Видеода бәйәдеп сөздер бар екенін ескертеміз!
Осы тақырыпқа қатысты: Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған ер адам көз жұмды
Видео: astana_press