Түркістан облысының полицейлері сыныптасының сөмкесінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өp арызында ас бөлмеде сөмкенің ішінде тұрған 3600 АҚШ доллары жоқ екенін байқағанын, өздігінен ары-бері іздеп, таба алмаған соң ақшасы ұрлағанын біліп, полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендер жауап алынып, мұқият тексеру жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің сыныптас құрбысы анықталып, ол өз үйінен ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай күдікті сыныптас құрбысының үйіне қыдырып келіп, өзін ешкім көріп тұрмағанын пайдаланып, білдіртпей сөмке ішінде тұрған ақшаны жымқырып кеткен. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны Шымкент қаласындағы ақша айырбастау орындарының бірінде 1,5 миллионға жуық теңге етіп айыбастап алады. Содан өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Күдіктінің бас шарасы міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарыңыз бен ақшаларыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ақшаларыңызды ашық тұрған сөмкеге, басқа да кез-келген жерге тастамаңыздар. Егерде сіз де осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.