Жамбыл ауданында әйел адам садақа жәшігін бұзып, ақшаны алып кетті

pixabay.com
Дайындықпен келген әйел жәшіктің құлпын бұзып, ішіндегі қаражатты алып кеткен.

Жамбыл ауданында кесенедегі садақа жәшігін бұзған күдікті әйел ұсталды. Оқиға Жамбыл ауданындағы кесенелердің бірінде орын алған. Кесененің тазалығы мен тәртібіне қарап, тәу етіп келушілерге жәрдем беруші тұлға кесене ішіндегі садақа жәшігінің құлпы бұзылғанын және ішіндегі қаражаттың қолды болғанын анықтаған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Дереу аудан орталығындағы туысына хабар берген азамат кесене маңында жүргені күдік тудырған әйелді алып келген автокөлікке тән белгілерді айтқан.

"Кесенедегі садақа жәшігінің қолды болғаны туралы хабар түсті. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы әйел адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның жақын ауылдардың бірінің тұрғыны екені анықталды. Күдіктіден қолды болған қаражат тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асхан Тегенбаев.

Тергеу барысында күдікті бұған дейін кесенеге келіп, қаржы салынған жәшіктің еш бақылаусыз тұрғанына көз жеткізгені белгілі болды. Келесі жолы дайындықпен келген әйел жәшіктің құлпын бұзып, ішіндегі қаражатты алып кеткен. Жауапты тұлғаның мұқияттылығы дінге де, заңға да қайшы жымысқы әрекетті тоқтатып, қылмысты шұғыл ашуға септігін тигізді.

Күдікті әйел мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі