Атырау облысының бас салық қызметкері 10 жылға сотталды

Ақ Жайық
Оның қабылдаған "ҚР мемлекеттік қызметшісінің антын" бұзуы ауырлататын жағдай деп танылды.

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы Қайрат Жұлмұратовты №2 қалалық соты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы, яғни "Қорқытып алу арқылы пара алу" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды zakon.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, облыстың бұрынғы бас салық қызметкері өткен жылдың желтоқсан айында ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ол МКД әкімшілік басқару басшысынан "қызметін өсіру және жалпы қамқорлық" жасағаны үшін талап етілген 10 000 доллардан 3000 доллар пара алды деген күдікке ілінді. Соңғы жылдары жергілікті жоғары лауазымды шенеуніктерге қолданып жүрген әдіс бойынша Жұлмұхамбетовты тұтқындауға жемқорлықпен күрес қызметкерлерінен құралған астанадан арнайы топ келді. Рас, кейін пандемия кезінде денсаулығына байланысты ол түрмеден үй қамағына алынды.

Бұл қылмыстық іс бойынша тергеу алты айға созылды, ал сот процесі төрт айдан астам уақыт жүрді. №2 қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, процесс барысында Жұлмұхамбетовтың кінәсі толық дәлелденді.

- Оның қабылдаған "ҚР мемлекеттік қызметшісінің антын" бұзуы ауырлататын жағдай деп танылды. Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысының ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот нақты бас бостандығынан айыруды ұзақ мерзімге тағайындауды әділ деп тапты, - деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметі.

<!--Quote2EEnd-->

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды