Елордалық кафедегі жарылыстан зардап шеккендердің үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр

profile.ru
Біреуінің жағдайы тым мүшкіл.

Елордада кафеде газ баллоны жарылып, ауруханаға түскен зардап шегушілердің жағдайы туралы тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Төтенше оқиғадан кейін 23 адам No1 және No2 көпсалалы қалалық ауруханаларға жеткізілді. Одан бөлек жеңіл жарақат алған 11 адам емханадан емделу үшін үйлеріне босатылды.

- Науқастардың көпшілігі әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік шалу, орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану және жартылай дене жарақаттары бойынша ауруханаға жатқызылды. Бір науқас травматология бөлімінде, қалғандары No1 көпсалалы қалалық аурухананың комбиостиология бөлімінде жатыр. Үш адам - жан сақтау бөлімінде, біреуінің жағдайы тым мүшкіл, екеуінің жағдайы ауыр, - деді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Оның айтуынша, зардап шегушілердің көпшілігі - кафе қызметкерлері.

Айта кетсек, 21 қарашада түстен кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. Оқиға орнында бір адам көз жұмды. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтауда. Елорда әкімі Төтенше жағдайлар министрлігі мен полицияға қаладағы басқа қоғамдық тамақтандыру орындарының өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі