Әйелінің ұят видеоларын WhatsApp-қа салған еркектің басы дауға қалды

Pixabay
Ол әйелінен ажырасқысы келмеген, сол себепті ұят видеоларды ват-сапқа саламын деп қорқытып, оны күштеп ұстауға тырысқан. Алайда онысынан түк шықпаған соң ойға алғанын іске асырған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, ол әйелімен ажырасқысы келмеген. Бұл қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына таратамын деп қорқытқан, деп хабарлайды zakon.kz Астана ТВ-ға сілтеме жасап.

Бұған көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына уатсапп желісі арқылы жіберіп үлгерген. Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысыпты. Келіншек болса, бірден полицияға шағымданған. Сезімді сергелдеңге салған сері жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

- Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты