Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:10 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының резиденті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Бангладештің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалардың табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

"Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенімді растаймын", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: