Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Рүстем Исаевқа карантиндік нормаларды бұзғаны үшін 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Жарты ай бұрын әлеуметтік желілерде денсаулық сақтау басқармасының бастығы Рүстем Исаевтың кафеде ән айтқан видеосы тараған.
Видеода Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Рүстем Исаевтың биылғы жылдың 5 наурызында жеке корпоративті кеште қалай көңіл көтергені, ән шырқағаны көрсетілген. Ақтөбе қаласында бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 13 қаңтардан бастап мерекелік корпоративтік кештерге және адамдар көп жиналатын басқа шараларға тыйым салынғанына қарамастан. Міне, осылай, біздің мақтан тұтатын дәрігерлер биік мінберде басқаша сөйлейді, ал іс жүзінде, тіпті басқалай. Айтпақшы, бұл кеш осыған дейін Исаев басқарған Ақтөбе медициналық орталығын тұрақты тамақпен қамтамасыз ету конкурсын жеңіп алған "Атамекен" мейрамханасында өткен, бұл қандай кездейсоқтық десеңізші! - делінген парақша мәтінінде.
Басқарма басшысы 5 наурызда кафеде әріптестерімен кездесіп, оларды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтағанын жоққа шығармады.
5 наурызда Ақтөбе облысы "жасыл" аймақта болғанына қарамастан, денсаулық сақтау басқармасының бастығына айыппұл салынды. Өйткені бас санитарлық дәрігердің бұйрығымен сол кезде мерекелік және көпшілік іс-шараларға тыйым салынған.