Нұр-Сұлтан маңында полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады - біреуі көз жұмды

zakon.kz
Құзырлы ведомства бұл фактіні Ақмола облысының ПД тіркегенін, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Нұр-Сұлтан маңында жол апаты орын алып, бір полиция қызметкері қаза тапты, екіншісі жарақат алды, деп хабарлайды zakon.kz.

5 шілдеде сағат 00:24-те Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымқан ауылы маңында 30 жастағы жүргізушісінің рөлге ие бола алмауы салдарынан Lexus GS 300 автокөлігі аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Оның қасындағы жолаушы - 35 жастағы полиция қызметкері алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомства бұл фактіні Ақмола облысының ПД тіркегенін, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Марқұм Сарыарқа аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. Рөлде де полиция қызметкері болған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі