Арзан Toyota Camry ала қоймақ болғандар алаяққа жем болды

polisia.kz
Ең өтімді көліктердің бірін арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болды.

Алматы тұрғыны жоқ Toyota көліктерін сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz дерегінше, күдікті 43 жастағы С. есімді ер адам нарық бағасынан төмен бағамен Toyota Camry 40 көлігін "сатқан". Алаяқтық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ер адам бірнеше ұялы телефон қолданған. Ол өзін көлік иесімін, кейін ломбард қызметкерімін немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырды.

– Ең өтімді көліктердің бірін арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болды. Келіссөздер барысында алаяқ жәбірленушілерді клиент көп деп түсіндіріп, алдын ала төлем төлеуге асықтырды. Ақша аударған соң қаскөй телефонды өшіріп тастаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта С.есімді азаматтың қатысуымен 15 алаяқтық фактісі анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұрайды: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-775-663-94-36.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме