Алматы облысында 17 көліктің қатысуымен болған жол-көлік апаты – іс қозғалды

Сурет: кадрдан үзінді
Алматы облысындағы Алматы – Қорғас тас жолында 17 көліктің қатысуымен болған жаппай жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша департаменттің тергеу басқармасы жолды күтіп ұстауға және жол қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 353-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптамалар тағайындалды, уәкiлеттi органдарға тиiстi анықтамалар жолданды, iстi дұрыс шешу үшін және мән-жайды тергеп-тексерудiң жан-жақтылығын, толықтығын және объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тергеу шаралары жүргiзiлуде.Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, 25 желтоқсан күні сағат 10:00 шамасында Алматы облысының Алматы – Қорғас тас жолының 134 шақырымында 17 көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Апатқа ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ себеп болған. Бес адамның зардап шеккендігі хабарланды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз