Боранда жоғалып кеткен бала табылды

Сурет: Zakon.kz
14 жастағы жасөспірім 3 қаңтар күні жылқы іздеп шығып, жоғалып кеткен еді. Дін-аман табылған бала ата-анасымен қауышты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қостанай облысының тұрғыны Кирилл Дукарт 3 қаңтар күні 10.00-де атпен мал қарауға шығып, боранда адасып кеткен, деп жазады alau.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар қызметі полициясының қызметкерлері, кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 110 адам, 26 техника тартылған.

Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала түнгі 23.46-да Майкөл селолық округіне қарасты Шеминовка ауылынан табылды.

Баланың айтуынша, ол қарлы боранда адасып, қайтар жолын таба алмай, сағат 23:30-да Шеминовка ауылына жеткен. Бірінші кездескен үйге түсіп, жылынып алуға өтініш білдіріпті. Баланың табылғаны туралы солар хабар берді.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз