Алматы облысында зейнеткер өз ұлына пышақпен шабуыл жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында өз ұлын өлтірмек болды деген күдікпен 71 жастағы ер адам ұсталды. Зейнеткер тергеу барысында үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталында хабарланғандай, 9 наурызда Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне Талғар ауданы Бесағаш ауылының 44 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен жеткізілген. Жәбірленушіге жанжалдасып қалған әкесі пышақ сұққаны анықталды. Қазір зардап шегуші дәрігерлердің қатаң бақылауында.

71 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірақ оның жасы ұлғайғанын және басқа да мән-жайларды, сондай-ақ күдікті зейнеткерге қатысты берілген арызды ескере отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.

Күдікті шынымен де ұлын асхана пышағымен бірнеше рет пышақтап кеткенін мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, яғни 24 баптың 3 тармағы және 99 баптың 1тармағы бойынша іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз