Түрмеге тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің жолы кесілді

Сурет: СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ЕС-164/3 мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін келген адамдарды қабылдау кезінде түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды табу мақсатында сотталғандарды толық тінту және жеке заттарын тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

Жүргізілген тінту нәтижесінде сотталғандардың мекеме аумағында заңсыз пайдалануы үшін көзделген 5 сотталғаннан Nokia маркалы 5 ұялы телефон, Samsung Duos маркалы 1 ұялы телефон, Activ абонентінің 1 сим-картасы және Altel абонентінің 2 сим-картасы табылды. СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды алып кіруге және сақтауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық-атқару заңнамасында тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Аталған факт СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік