Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен төрт адам қайтыс болды

Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қостанайда Тобыл көшесіндегі екі қабатты жеке тұрғын үйден шығып, салдарынан төрт адам – ​​екі ересек және екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, тұрғын үй 27 наурыз күні сағат 13:57-де өртене бастаған. Өрт екінші қабатпен қоса, 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт орнында тұрғын үйді жалдап тұрып жатқан 1988 жылғы азаматтың жанып кеткен денесі, оның 1985 жылғы азаматтық некедегі жұбайы табылды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Көрші бөлмеден өрт сөндірушілер 2011 жылы және 2013 жылы туған екі қыздың денесін тапты. Олар туысына қонаққа келген.Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өрт 15:05-те сөндірілгенін мәлімдеді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар депаратментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен бес арнайы техникасы жұмылдырылды. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы