Павлодар мектебіндегі өрт: дәрігерлер балалардың жағдайын айтты

Сурет: Zakon.kz
Өрт кезінде зардап шеккен мектеп оқушыларының денсаулық жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер балалардың жағдайын көмірқышқыл газына улану салдарынан орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар мектебіндегі өрттен бес қыз зардап шекті. Өрт орнына жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді.

Дәрігерлер екі қызды тексеріп, ата-анасына тапсырғаны атап өтілді. 2008 жылы туған оқушыға жеңіл дәрежедегі жанған өнімдерден улану диагнозы қойылды.

Ал 2007 жылы туған жәбірленушінің күйзеліске реакциясы қатты. 2005 және 2006 жылы туған үш қыз бала көмірқышқыл газының уытты әсері диагнозымен соматикалық бөлімшеге шұғыл түрде жатқызылды.

Орташа ауырлықтағы көміртегімен уланған. Барлық қажет емдеу-диагностикалық шарасы жүргізіліп жатыр, – деді дәрігерлер.

Павлодардағы №1 орта мектепте өрт 15 сәуір күні таңертең болған еді. Өрт салдарынан 479 адам эвакуацияланып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді