Павлодар мектебінде өрт шығып, бес оқушы ауруханаға жеткізілді
Сурет: Павлодар облысы ТЖД
Павлодарда мектептегі өрт салдарынан 479 адам эвакуацияланып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні сағат 11.00-де Малайсары батыр көшесінің бойында орналасқан № 1 орта мектептің үшінші қабатындағы кітап қоймасы өртенді.
15 шаршы метр аумақ (жиһаз, кітаптар жану) өртке оранды. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 479 адам эвакуацияланды, оның ішінде 414-і бала. Сағат 11:41-де өрт сөндірілді. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж. Жұмашев
Бес оқушыны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Сурет: Павлодар облысы ТЖД
Сурет: Павлодар облысы ТЖД
Өрт сөндіру орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері жұмыс істеп, тоғыз техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript