Петропавлдағы өндірістік ғимараттағы өрт тұрғындарды шошытты

Петропавлдағы өндірістік ғимараттағы өрт тұрғындарды шошытты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2026 09:55 Сурет: Zakon.kz
Петропавл қаласында өндірістік ғимаратта шыққан өрттің себептері анықталып жатыр. Тілсіз жаудың одан әрі таралу қаупі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт күнбағыс майы өндірілетін цехта тұтанған. Жалын ғимараттың ішінен шығып, шатырға өткен және көрші нысандарға қауіп төндірген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Өртті сөндіруге арнайы өрт сөндіру роботы тартылды. Бұл құрылғы сөндіру жұмыстарының тиімділігін арттырып, жеке құрам үшін қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді.

Жалын жалпы аумағы 2 000 шаршы метр ғимаратты толық шарпуы мүмкін еді. Алайда өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында 150 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланып, толық сөндірілді. Өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның нақты себебін мамандар анықтайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: