Алматыда ірі жол апатынан 2 адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға жеткізілді
КТК
Салдарынан Лада көлігі аударылы, 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Алматыда Барахолка базары маңындағы Солтүстік айналымда жол апаты болып, екі адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Hyundai Click және Лада 21905-11 жеңіл көліктері "Ақбұлақ" базарының маңында соқтығысқан. Салдарынан Лада көлігі аударылы, 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 1994 және 1997 жылғы екі адам жедел-жәрдем қызметкерлері келгенше оқиға орнында көз жұмды. Олар - LADA Granta көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы. Hyundai Click көлігінің жүргізушісі жансақтау бөліміне түсті. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, яғни "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды", - дейді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript