Рудныйда бесінші қабаттың терезесінен екі жасар бала құлап кетіп, мерт болды

Сурет: pixabay
Қайғылы оқиға 13 сәуірде кешке орын алды. Павел Корчагин көшесіндегі үйдің бесінші қабатының терезесінен 2020 жылы туылған сәби құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, делінген ТВС-Магнетит Instagram-парақшасында.

Құтқарушылар түсіндіріп өткендей, бала терезедегі тор қаптаманы (москит) ұстаймын деп құлап кеткен. Жазатайым оқиға туралы факт сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алуы үшін полицейлерге берілді.

Рудный Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және қолданыстағы сақтық шараларын қабылдауды сұрайды. Жыл сайын орын алатын қайғылы статистика көрсеткендей, терезедегі тор қаптама - жәндіктерден қорғайды, бірақ баланы құлап кетуден қорғамайды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы