Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды

Сурет: видеодан скриншот
Полицейлердің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы жетекшісі топ болып әрекет етіп, ЖШС директорынан үшінші тұлғалардың пайдасына 52 миллион теңге талап еткен. Ол психологиялық қысым мен қоқан-лоққы көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 сәуірде сағат 13.50-де Павлодар қаласындағы Ткачев көшесінің бойындағы бассейндердің бірінің жанында Павлодар облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Облыстық басқарма басшысы Василий Скляр ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы жетекшісінің топ болып әрекет жасап, ЖШС директорынан үшінші тұлғалардың пайдасына 52 миллион теңге талап еткенін айтты.

Павлодар облысында жыл басынан бері бопсалаудың алты фактісі тіркеліп, барлығының беті ашылды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы