Қостанайда өртеніп жатқан үйден әйел адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай қаласында өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден әйел адамды алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 мамырда сағат 16: 22-де Қостанай қаласында Жамбыл көшесіндегі жеке секторда үй өртенді. Өрт сөндірушілер сағат 16:28-де оқиға орнына келіп жетіп, аталған мекен-жайда үйдің мансарды шатырымен қоса өртеніп жатқанын анықтады. Жалын 100 шаршы метрді шарпып үлгерген.

Өрт сөндіру кезінде үйге жапсарлас орналасқан шаруашылық сарайынан 36 жастағы әйел табылып, құтқарылды. Өрт сөндірушілер әйелді көтеріп шығып, жедел жәрдемге тапсырды. Құтқарылған адам перинаталдық орталыққа жатқызылды, алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі улы газбен улану. Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ведомстваның мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және бес техника жұмылдырылды. Өрт сағат 17:06-да толықтай ауыздықталды. Құрбан болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді