Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа түсті

Сурет: Facebook/Бакытгуль Хаменова
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы Атырау облыстық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 мамырда Атырау қалалық №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты жіберілген ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінің 3- тармағы (пара алу – ред.), сондай-ақ «Б» ЖШС директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 2-бөлігі (пара беру – ред.) бойынша қылмыстық іс сотқа келіп түсті. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Еске салсақ, 2021 жылғы 11 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды. Ол Атырау қаласында Абай ескерткішін әзірлеу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы 145 миллион теңге сомасындағы келісім-шарт жасасу үшін ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Сот оның «жалғызбасты әйел» екенін, екі бала тәрбиелеп отырғанын, бірі бала кезінен мүгедек екенін, қарт анасын бағып отырғанын, бұрын сотты болмағанын, құқық қорғау органынан жасырынбағанын ескерді.

Желтоқсанның 23-і күні Хаменова уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны хабарланды. Атырау облыстық сотындағылардың мәлімдеуінше, ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген, ол сол себепті қамауда болуы тиіс.

Бақытгүл Хаменова облыс әкімінің орынбасары болып 2020 жылғы наурыз айында тағайындалды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді