Түркістанда 9-сынып оқушысы босанып алған

Бұл дерек қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында мәлім болды. Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында балалы болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жағдайдан соң кәмелетке толмаған ана баласымен бірге "Аналар үйіне" жайғастырылыпты. Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушының өзі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Оқушының айы-күні жақындағанға дейін сабақтан қол үзбегені белгілі болды, деп хабарлайды Astana.tv.

Қаңтар айының 24-і күні босанып, 9-сынып оқушысы осындай жағдайда болып отыр. Мемлекеттік емтиханды алып келіп қатыстыруға тырыстық. Некрасов атындағы мектептегі жағдайға байланысты орын алған оқиғаға байланысты мектеп директорының мәжілісі өткізіліп, осыған байланысты қарамағындағы төменгі мамандарға, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарға ескертулер берілді. Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастығы Оразкүл Қолдасова
Түркістан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: