Хабарламада аңду туралы айтылған.
2022 жылы 12 шілдеде сағат 19 шамасында АҚАА адвокаты Л.А. Рамазанова өзінің адвокаттық қызметін жүзеге асыра отырып, өз қорғауындағы адамның үйінде өтуі тиіс тінтуге қатысу үшін Бостандық ауданы, Ремизовка ықшам ауданы, Сакура тұрғын үй кешеніне барды. Жолда ол екі автокөліктің – мемлекеттік нөмірі 748aec05 Hyundai Elantra және мемлекеттік нөмірі 547ajk02 Toyota Highlander-дің өз ізіне түскенін байқайды. Аталған көліктердегі белгісіз адамдар, адвокаттың айтуынша, бірнеше күн бойы өзін заңсыз торуылдап, аңдыған. Алматы қалалық адвокаттар алқасы
Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілінің айтуынша, қудалаушылар кімдер, ұсталғандардың жеке басы бойынша мәліметтер де, өтініштері бойынша қандай шаралар қабылданғаны да өздеріне беймәлім әрі кезекші прокурор тарапынан әрекетсіздіктің орын алуы да өздері үшін түсініксіз.
Төралқа құқық қорғау органдарының адвокаттарға деген мұндай көзқарасын және оқиға орнына шақыру бойынша келген полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігін барып тұрған бассыздық деп санайды. Алматы қаласының прокуратурасы бұл істі бақылауға алып, ол бойынша объективті, толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ететініне сенім білдіреміз. Алматы қалалық адвокаттар алқасы
Бұл оқиға туралы Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев құлақтандырылды, ол объективті талқылауды қамтамасыз етуге уәде берді.
Төралқа Алматы қаласының прокурорына адвокаттық заңды қызметке кедергі келтіру фактісінің анықталуына байланысты қажетті шара қабылдауды сұрай отырып, кезекші прокурор мен Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінің әрекетсіздігіне және адвокаттық қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша шаралар қабылдамауына байланысты прокурорлық ден қою шараларын қабылдау туралы өтінішпен жүгінді.