Шаруаларға бөлінген 484 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында 484 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді.

Сот үш айыпталушыны құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Сот осы іске қатысы бар бір адамды бес жылға, қалғандарын алты жылға бас бостандығынан айырды.ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомство сотталғандар жазасын «орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде» өтейтінін атап өтті.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді